AubacoБірінші басудан-ақ барынша нәтиже

Kaspi.kz сатушыларына арналған бағдарламалар

Aubaco — Windows-қа арналған екі бағдарлама. Kaspi PDF Combiner жүкқұжаттарды баспаға дайындайды, Kaspi Прайс Менеджер — Kaspi-ге жүктеуге прайс-парақты. Екі бағдарлама да сіздің компьютеріңізде жұмыс істейді. Жүкқұжаттар файлдары мен прайс-парақты бөгде сервистерге, боттарға немесе сайттарға берудің қажеті жоқ.

Kaspi PDF Combiner

Жүкқұжаттарды басып шығару

Бағдарлама кабинеттен алынған мұрағаттағы барлық жүкқұжатты баспаға дайын бір PDF-ке жинайды. Жаңа жүкқұжаттарды қолмен іздеудің қажеті жоқ — олар бөлек файлға жиналады, ол да баспаға дайын.

Kaspi Прайс Менеджер

Прайс-парақ

Бағдарлама Kaspi кабинетіне жүктеуге XML-прайсты дайындайды: сақтамас бұрын баға, қалдық және алдын ала тапсырыс қойылады. Тауарды көзбен көресіз — суреттер, сілтемелер. Kaspi кабинетінің әртүрлі терезелеріне ауысудың қажеті жоқ.

Windows 10 және 11

Kaspi PDF Combiner

Kaspi жүкқұжаттарын басып шығару

Не аласыз

  • Kaspi кабинетінен жүктелген мұрағаттағы барлық жүкқұжат бар бір PDF.
  • Жаңа тапсырыстар түсті ме — тек жаңа жүкқұжаттарды басып шығаруға болады.
  • Бір A4 парағында 1, 4, 6 немесе 9 жүкқұжат — таңдау бойынша.

Қалай жұмыс істейді

Жүкқұжаттар мұрағатын тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, «Kaspi PDF Combiner — жүкқұжаттарды біріктіру» тармағын таңдаңыз — бағдарлама баспаға дайын файлды бірден жасайды. Басылғандар тарихы сіздің компьютеріңізде сақталады. Интерфейс — орыс және қазақ тілдерінде.

Тінтуірдің оң жақ түймесі мәзіріндегі Kaspi PDF Combiner тармағы
Оң жақ түйме мәзіріндегі тармақ
Төрт жүкқұжаты бар A4 парағы
Парақ үлгісі: A4-те 4 жүкқұжат (деректер ойдан алынған)

Kaspi Прайс Менеджер

Kaspi прайс-парағы

Не аласыз

Kaspi кабинетіне жүктеуге дайын XML-прайс. Бағдарламаның өзінде тауарды сатудан алуға немесе сатудан алынғандардың ішінен тауарды сатылымға қайтаруға болады.

Нені өзгертуге болады

  • Қалалар бойынша баға.
  • PP1–PP5 қоймаларындағы қалдық.
  • Әр қоймадағы тауарды сату.
  • Алдын ала тапсырысты басқару.

Бағдарлама сақтамас бұрын нені тексереді

  • Бағасыз қалдық пен қалдықсыз баға.
  • Нөлдік баға.
  • Сатылымдағы тауарлар арасында артикулдың қайталануы.
  • Алдын ала тапсырыс мерзімі.

Қатесі бар прайс сақталмайды — қатесі бар жол белгіленеді.

Қосымша

Қаласаңыз, бағдарлама сатушы кабинетіне қосылып, тауарлар туралы деректерді алады: фото — бұл қандай тауар екенін және қалай көрінетінін бірден көру үшін; тауардың кабинеттегі және Kaspi.kz-тегі сілтемелері; қойма мекенжайлары. Түзетулер черновикке өзі сақталады.

Kaspi Прайс Менеджердің негізгі терезесі
Негізгі терезе: тауарлар кестесі және таңдалған тауар карточкасы (демонстрациялық деректер)

Баға және шарттар

Kaspi PDF Combiner
айына ≈— ₸ (—)
Кіреді
Kaspi PDF Combiner, жаңа нұсқалар, Telegram-дағы қолдау

Талаптар және деректер

Компьютер

Windows 10 немесе 11, 64-разрядты.

Деректер

Жүкқұжаттар, прайс-парақ, құпиясөздер мен кабинет деректері бізге де, боттарға да, бөгде сервистерге де берілмейді. Өңдеу компьютерде жүреді.

Сұрақтар

Жазылым аяқталғанда не болады?

Жазылым ұзартылғанша жүкқұжаттарды басып шығару және жаңа прайс құру тоқтата тұрылады.

Қанша компьютер қосуға болады?

Жоспарда көрсетілгенше.

Бағдарламалар Kaspi-дің қандай файлдарымен жұмыс істейді?

Сатушы кабинетіндегі жүкқұжаттар мұрағатымен және XML прайс-парақпен. Дайын файлдар басып шығаруға және кабинетке жүктеуге жарайды.

Көмекті қайдан алуға болады?

@aubaco_org_bot ботында және бағдарламалардың нұсқаулықтарында.